Мәжіліс өлім жазасы туралы заң жобасын мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметовтың айтуынша, заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңның жобасын қарап шықты.
Заң жобасы Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 2 қаңтарда ратификациялаған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманың 1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді. Заң жобасы ұлттық заңнаманы қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелерге сәйкес үндестіруге бағытталған. Қазақстан хаттаманы соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылғаннан кейін соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырады деген ескертпемен ратификациялады, - деді ол.Сондай-ақ заң жобасын талқылау кезінде құқықтық актілер туралы заң талаптарына сәйкес заңнаманың түсіндіру аппаратында терминдердің қазақ және орыс тілдеріндегі жазылу тәртібіне қатысты редакциялық нақтылаушы сипаттағы түзету ұсынылды.
Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді. Баяндалғанның негізінде комитет осы заң жобасын бірінші оқылымда Парламент Мәжілісі жалпы отырысының талқылауына енгізуге болады деп есептейді, - деп айтты Арман Қожахметов Мәжілісте.Жоғарыда айтылғандардың негізінде комитет заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынды.
Сонымен қатар депутаттар заң жобасына қолдау білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәжілісте өлім жазасына қатысты заң таныстырылды
Келесі жаңалық
Астана Дүниежүзілік туристік альянсқа мүше болды
Өзгелердің жаңалығы