Мәжіліс нысаналы капитал қорлары туралы заңды мақұлдады

Мәжілістің жалпы отырысында елдегі эндаумент қорлардың жұмысын реттейтін заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып, қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек таныстырды.

Заңның қабылдануы кез келген әлеуметтік маңызы бар салаларға қолданылады. Қазіргі таңда білім беру, денсаулық сақтау, бұқаралық спорт және мәдениет салалары бойынша бюджетке үлкен ауыртпашылық түсуде. Сондықтан бұл заңның қабылдану бюджетке жеңілдік беріп, жеке инвесторларды, қайырымдылық жасағысы келетін жекеменшік компанияларды бюджеттік емес инвестиция тартуға механизмі ретінде қалыптастырады. Эндаумент қорлардың дамуы экономикаға, жинақтардың өсуіне және сәйкесінше, қаржылық нарыққа капиталдың келуіне ықпал етеді. Шетелде тәжірибеге көз жүгіртсек, эндаумент қорлар әсіресе үлкен университеттердің, ғылыми институттардың жанында өз бетімен қаржы нарығының бір бөлігіне айналған. Қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға жол ашады, - деді ведомство басшысы.

Айтуынша, қазіргі таңда елімізде 22 эндаумент қор бар. Олардың 15-і – орта есеппен 1 млрд теңге капитал мөлшерімен денсаулық сақтау саласына бағытталған.

Заң жобасында Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөліміне), "Білім туралы", "Қайырымдылық туралы" және "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы