Мәжіліс Каспийдің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады.
Заң жобасын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев түсіндіріп берді.
Қазақстан Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Мамандардың пікірінше, теңіздің осы аймағы қоршаған орта тұрғысынан кері әсерлерге мейлінше сезімтал, осал бөлік болып есептеледі. Сол себепті бұл құжат еліміз үшін аса маңызды. Каспий теңізінде көмірсутегі шикізатының ірі қорының болуы осы су бассейніндегі экологиялық және биологиялық сақтау мәселелерін өзекті етеді, - дейді министр.Айтуынша, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан негіздемелі конвенцияға қатысты бірқатар хаттамаға қол қойды. Солардың бірі – Каспий маңы мемлекеттерін 2018 жылғы 28 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойған қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы хаттама. Бұл трансшекаралық контекстегі құжатты Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан қабылдады.
Сонымен қатар хаттаманы реттеуге жататын қызмет түрлері де анықталған. Атап айтқанда, Мұнай өңдеу зауыттары, жылына қуаты 300 мб немесе одан да жоғары Жылу-электр стансалары, Атом электр стансалары және басқалары.
Қазақстан трансшекаралық әсерлерді бағалауға қозғалатын тарап ретінде қатысса, онда шығу тарапынан келіп түскен құжаттар министрліктің бірыңғай экологиялық порталында орналастырылады. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға ҚР-ның мемлекеттік органдарының электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жіберіледі. Ал егер Қазақстан трансшекаралық әсерлердің шығу тарапы ретінде қатысса, онда қоршаған ортаға бағалау рәсімі елдің ішінде ғана емес, сонымен бірге қозғалатын тараптар да қатар жүргізіледі. Мысалы, Каспийде жаңа объектілер салынған жағдайда қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттары тиісті жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қозғалатын тараптарға қатар жіберіледі, - деп түсіндірді Экология министрі Мәжілісте.
Қозғалатын тараптардың органдары мен консультацияларды ескере отырып, қоршаған ортаға әсерді бағалауды өткізу мерзімі шамамен 6 айды немесе 180 күнді құрайды. Бұл хаттамада және Экология Кодексінде айқындалған.
Хаттаманы ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық-экологиялық салдарларға әкеліп соқтырмайды. Республикалық бюджеттен қосымша шығындарды қажет етпейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы