Мәжіліс депутаты қызылордалық жастармен кездесті

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы тарихи кезеңнің үлкен бір қадамына көшкелі отыр. Бұл жөнінде «AMANАТ» пapтияcы pecпyбликaлық штaбының мүшeci, ҚР Пapлaмeнтi Мәжiлiciнiң дeпyтaты, фpaкция мүшeci Ғaлым Әмipeeв қызылордалық жacтapмeн кездесуінде айтты. 

Қазақстанда 5 маусым күні өтетін саяси жүйеде Ата заңға өзгеріс енгізгелі отыр. Осыған орай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалында жастармен кездесті. 

«Елде Конституциялық реформа жүріп жатыр. Ең бірінші мәселе Президенттің бастамасымен Жаңа Қазақстан құрамыз деп жатырмыз. Ол үшін Ата Заңнан бастап, өзге де заңдарға өзгерістер енгізіледі. Президент өзінің халыққа Жолдауында да, үндеулерінде де біз жаңа Қазақстан құруымыз үшін суперпрезиденттік республикадан ықпалды Парламент, кәсіби есеп беретін үкімет құру қажет екенін айтып жүр. Сондықтан осы бағытта жұмыс жасалып, жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде жаңа заң қабылданады. Одан кейін екінші деңгейлі Конституциялық заңдар, кодекстер, салалық заңдар бойынша өзгеріс енетін болады», - дейді Ғалым Әміреев. 

Депутат өз сөзінде биліктен бастап жергілікті өзін-өзі басқару саласында да өзгерістер болатынын айтты. 

«Аудандық және қалалық мәслихаттарға депуттарды сайлаймыз. Облыстық мәслихатқа депутаттарды 50 пайыз партия сайлайтын болса, қалған 50 пайызды халық шешеді. Ал Парламент депутаттары 70/50 жүйесі бойынша сайлауға түсетін болады. Тағы бір үлкен өзгеріс Президент облыс әкіміне бір кандидатты ғана ұсынатын болса, алдағы уақытта екі адамнан кем емес кандидатуралар ұсынылатын болады. Бұл да үлкен өзгеріс. Барлық депутаттар әкімдерге дауыс беретін болады», - деді депутат. 

Жастармен кездесу барысында фракция мүшесі Ғалым Махмұтбайұлы әкімдердің экономикалық дербестігі жөнінде айтып өтті. Оның айтуынша, ендігі кезекте ауыл әкімдері қаражатқа қатысты мәселелерде тікелей облыс, республикаға шығып шеше алады. 

«Қазіргі таңда ауылдық округ әкімі аудан әкімімен бірлесіп, бюджет және өзге де салалар бойынша келісіммен жұмыс істейтін. Енді ауыл әкімдері экономикалық дербестілік пайда болады. Осыған орай Қызылорда қаласындағы ауылдық округтерге барып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді», - дейді Ғалым Әміреев. 

Еліміздегі табиғи байлыққа халық иелік етеді деп жоспарланып отыр. Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреевтің айтуынша, жер қойнауындағы байлыққа халық ие болып, Үкімет басқаратын болады. 

«Бұрын мұндай жағдай болмаған. Жер қойнауындағы байлыққа халық иелік ететіндігі Конституцияда жазылатын болады. Жалпы халық жер пайдалану мәселесіне тікелей араласады», - дейді ол.

Депутат партия құру мәселесіне да аз-кем тоқталып өтті. Сонымен қатар барлық заңға өзгеріс жасау қажет екенін айтып, осы орайда халық өз таңдауын жасау қажет екенін айтты. 

«Елдегі реформалар, өзгерістер халықтың талқысына салынып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «халық таңдауды өзі жасасын» деп шешті. Енді халық алдағы референдумға белсенді түрде қатысып, жүктелген жауапкершілікті сезініп, немқұрайлылық танытпау қажет», - деді Ғалым Әміреев. 

Кездесуде республикалық штаб мүшесі Базара Танбаева Конституцияға енгізілетін өзгерістер қоғамдағы барлық маңызды мәселелерді қамтитынын жеткізді. 

«Референдум - халықтың үні.  Бұл халықтың үнін еститін мемлекет құрудың бірден-бір дәлелі. Осы арқылы ел тұрғындарына не қажет екенін саралай аламыз. Мемлекет басшысы айтып өткендей халықтың ертең емес, бүгін жайлы өмір сүруін қамтамасыз ете аламыз. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы жастардың қолында. Сондықтан барлық жастарды референдумға белсене қатысуға шақырамын», - деді Базара Танбаева. 

Жастар атынан сөз алған М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Шернияз Жалғасбекұлы жалпыхалықтық референдум жастарға үлкен үміт сыйлайтынын айтты.

«Заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады. Бұл қолайлы орта, қауіпсіз, әрі әділетті Қазақстан қалыптастыруда үлкен маңызға ие екені сөзсіз. Алдағы референдумға жастар бірауыздан белсенді түрде қатысады деп ойлаймын. Бүгінгі күні жалпыхалықтық дауыс беру кеңінен насихатталып жатыр. Сонымен қатар қоғамдық орындарда референдумды түсіндіру жұмыстары кең көлемде ұйымдастырылуда. Қоғам белсенділері мен депутаттар тарапынан түсіндірме жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде», - деді Шернияз Жалғасбекұлы. 

Жастар жетекшісі қазіргі қоғам өзгерісті қажет екенін баса айтты. Ол алдағы референдум нәтижесінде Жаңа Қазақстан жастарға тең мүмкіндіктер мен әділетті қоғамды әкелетініне үмітті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы