Мәжіліс депутаты ерлігі еленбей жүрген снайперлеріміз туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы ерліктері еленбей жүрген снайпер батырларымыз туралы пікір білдірді.
Атақты снайпер екі рет ұсынылған Байжанов Зейтін – 1915 жылы туған, гвардия аға сержанты, 61 гвардиялық атқыштар дивизиясы 187 гвардиялық атқыштар полкі снайперлік бөлімшесінің командирі. 1941 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданынан Қызыл Армия қатарына шақырылған.
Бастапқыда ол 120 мм минометтер батареясында қарапайым жүргізуші болған. Бірақ Баянауылдың қасиетті жерінде өскен, нағыз қазақ, мергендердің ұрпағы снайперлік іске қызығушылық танытқан, - деді ол.
Оның дерегінше, 1942 жылдың 25 қарашасынан бастап ол 50 снайперді дайындап шықты. Полк снайперлерінің бір тобы 128 фашистік жауынгер мен офицерлерді жойды. 1943 жылдың 25 маусымында Байжанов Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Бірақ тек «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.
Екінші қаhарман атағына ұсынылуы туралы дерек келтірді.
«Фашист айуандарымен» күресумен қатар, жолдас Байжанов жас снайперлерді оқыту мен тәрбиелеу бойынша ерекше жұмыс атқарды. 1943 жылдың сәуір айынан бастап ол 72 снайперді дайындады. Бұл снайперлер тобы 632 неміс жауынгері мен офицерлерін жойды. Неміс-фашист басқыншыларымен күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін, 248 жаудың жауынгері мен офицерлерін жойғаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алуға лайықты». «Ленин» орденімен марапатталған, - мәлімет етті Мәжіліс депутаты.
Сонымен қатар тағы бір мерген – Қабдулов Әбдіқалық, 1922 жылы туған, гвардия сержанты, 66 гвардиялық атқыштар дивизиясының 267 гвардиялық атқыштар полкінің мергені.
Айтуынша, әскер қатарына Қаратал ауданынан шақырылған.
1942 жылдың желтоқсанынан 1943 жылдың наурызына дейінгі аралықта Қабдулов 138 неміс солдаты мен офицерін қырып салды. Батылдығы мен ержүректігі үшін Қабдулов Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Бірақ І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған, - деді Мәжілісмен.
Оның дерегіне сүйенсек, 1944 жылдың шілде айының өзінде-ақ ол 215 фашисті жойды. Сонымен қатар, жаудың 400-ге жуық солдаты мен офицерінің көзін құртқан мергендер тобын дайындады.
Оның жауынгерлік жұмысының соңғы қорытындысы белгісіз. 1944 жылы 21 шілдеде гвардия сержант А. Қабдулов мерт болды. Құдай қаласа олардың да ерлігі елену керек, - деді Берік Әбдіғалиұлы.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы қазақтың атақты снайперлеріне «Халық қаһарманы» атағы берілгенін айтқан болатынбыз.