Мәжіліс депутаты Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккендермен кездесті
Мәжіліс депутаты, "Ауыл" партиясы фракциясының мүшесі Анас Баққожаев Атырау облысына сапары аясында Махамбет ауданының ауыл шаруашылығы мамандарымен және шаруалармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Депутат көктемгі су тасқынынан кейінгі Махамбет ауданы тұрғындарының үйлері мен шаруашылықтарының жай-күйімен танысты. Ол зардап шеккен азаматтардың сұрақтарын тыңдап, қалпына келтіру жұмыстарына барынша көмек көрсетілетінін атап өтті.
Одан әрі Анас Баққожаев "Ауыл" партиясына мүше 29 адам жұмыс істейтін "Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ-де болып, ұжым қызметкерлерімен кездесіп, қазіргі тыныс-тіршілігін біліп қайтты.
Кездесу аясында депутат "Ауыл" партиясының Атырау облыстық филиалының бастамасымен осы мекемеде құрылған бастауыш ұйымның жиналысына қатысты.
Президенттің бастамасымен орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өсті. Басқа мәселелерді шешуге де қаржы қарастырылды. Жұмыстарыңыз өз деңгейінде бағаланып, барлық қажетті техникамен, өрт сөндіру депосымен қамтамасыз етілді. Енді сіздерден сапалы жұмыс күтеміз, - деді депутат.