Мәжіліс депутаты 18 жасында кәсіппен айналысқанын айтты

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Еңбек күніне арналған форумда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен Астанадағы Политехникалық колледжде оқығанмын. Одан кейін Оңтүстік Кореяға барып, колледжде оқыдым. Енді салыстырып көрейік: Астанада 3 жыл 6 ай оқыдым, ал Оңтүстік Кореяда 1 жыл оқыдым. Айырмашылық неге ұзақ? Біздің қазіргі білім саласындағы академиялық бағдарламалар, көп мамандық өзекті емес, - деді депутат.

Ол өзгеріс керек екенін айтты.

Депутат ең алғашқы табысын 13-14 жасында тапқанын айтты.

Негізі ресми жалақымды 23 жасымда мұғалім болып жұмыс істегенде таптым. Бірақ колледжде оқыған кезде 13-14 жасымда тәжірибеден өткен болатынмын. Кейін 3-4 курста тәжірибе өткен жерде де ақша тапқан едік. 18 жаста шағын кәсібіміз болды. Ол кезде автокөліктерге қызмет көрсеттік. Осылай ақша таба бастадық, - деп тәжірибесін айтты Олжас Құспеков.

Құспековтің сөзінше, қазіргі еңбек нарығының талабы өте жоғары болуы керек. 

Білім бағдарламалары соған сай болуы қажет. Елімізде қабылданған заң аясында өзін-өзі оқытқан және қысқа мерзімде оқып шыққан азаматтар біліктіліктерін растап, сертификат ала алады. 3,5 жыл колледжде оқудың қажеті жоқ. Бірақ кейбір мамандық, мысалы, аспаз, сварщиктің оқу бағдарламасы ұзағырақ болады. Өйткені оны оқу технологиялары күрделі, - деп айтты Олжас Құспеков.

Депутат бүгінгі күні үйден шықпай-ақ онлайн платформалар арқылы да мамандық игеріп алуға болатынын жеткізді.

Депутат Құспеков білім саласындағы ведомствомен тығыз байланыста және ол білім саласын жетілдіруге қатысты өзінің ұсынысын айтқан.

Мәжіліс биыл «Кәсіби біліктілік туралы» заң қабылдаған болатын. Бұл еңбек нарығы мен білім саласын реттеуге бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Respublika партиясының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы