Мәжіліс депутаттарының сайлауы елімізге қандай өзгеріс алып келуі мумкін
Мәжіліс депутаттарының сайлауы елімізге қандай өзгеріс алып келуі мумкін. Саяси маңызы қандай болмақ? Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Татьяна Липина айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл ең бастысы демократияның дамуына тікелей әсер етеді. Себебі демократияның қарқынды дамуының іргетасы азаматтардың белсенділігі. Ал сол белсенділік институционалды түрде саяси партиялардың сапалы қызметінде іске асырылады. Былтырғы сайлауға қатысты заңнаманың өзгертілуі, әсіресе партиялардың тіркелу ережелерінің жеңілдетілуі, саяси партиялық аясын мүлде өзгертуде. Сондықтан, түрлі партиялардың сайлауға қатысқаны жаңа саяси күн тәртібінің талқылауына әсер болмақ, сондай-ақ Мәжіліске келіп саяси жүйенің «қанын» халықтың мүддесіне сай «от тегімен» байытып жүгіртуі күтілмек, - деді ол.
Маман пікірінше, мәжілістің 1/3 бөлігіне жуық жергілікті аймақтарда сайланатын депутаттарды ерекше қарастыру керек.
Себебі олардың сайланатын жолы маңызды. Олардың ішінде көптеген өз деңгейде еліміздің дамуына үлкен үлес қосып жүрген, жұрттың ерекше құрметіне лайық болған тұлғалар болса керек. Халықтың қамын ойлайтын, бір ауыздан сайланған олар үкімет пен халық арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруі керек, - деп атап өтті маман.
Маман сайлау депутаттар арасындағы бәсекелестікке де оң әсерін тигізетінін айтады.
Әрбір депутат немесе партия өз сайлау алды бағдарламасын қазақстандықтардың сұранысына сай жасауы керек. Қайсысы жан-жақты, жүйелі болса, сол жеңіске жетеді. Сондықтан бұл сайлау депутаттардың арасында кез келген мәселенің тиімді шешуінің сапасы жағынан бәсекелестікті арттыруда, - деген пікірде Татьяна Липина.