Мәжіліс депутаттары фанера комбинатының мәселелерін бақылауға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында іске қосылған Солтүстік фанер комбинатына барды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір бұл елдегі жоғары суға төзімділігі ламинатталған үлкен форматты фанераның ең ірі өндірушісі. Шикізат ретінде Қазақстан мен Ресейден 100 пайыз қайың қабығы қолданылады. Бұл ретте қалдықтар фанера дайындау процесінде пайдаланылатын жылу энергиясын өндіруге жіберіледі.

Комбинат республиканың осы өнімге деген қажеттілігінің 30%-ын қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар аймақта жиһаз саласы айтарлықтай дамып, инвестиция көлемі артып келеді. Қазіргі уақытта зауытта 150-ге жуық адам еңбек етеді, орташа жалақы 150 мың теңгені құрайды. Кәсіпорын басшылығы комбинаттың жоспары алдағы уақытта ауқымды екенін, биылдан бастап олар жыл сайын 18 мың текше метрге дейін фанера жасауды жоспарлап отырғанын айтты, - делінген хабарламада.

Дегенмен, осындай жоғары көрсеткіштерге қарамастан, кәсіпорында біршама қиындықтар бар. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ашметов атап өткендей, инвестор одан әрі өндіріске шамамен 10 млн. доллар салуды жоспарлап отыр. Алайда, өнімнің кеңейтілген шығарылымына отандық шикізаттың болмауы әсер етеді. Оны зауыт шетелден сатып алуға мәжбүр. 

Шикізатпен мәселе Үкімет деңгейінде шешілгенге дейін инвестор қажетті соманы сала алмайды. Сонымен қатар, жергілікті орман пайдаланушылар шикізатты толық жеткізбейді. Мысалы, уәде етілген 18 мың тоннаның комбинат тек жартысын алды. «Атамекен» ҰКП өкілдері мен зауыт басшылығы орман өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындары алуы тиіс деп есептейді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы