Мәжіліс депутаттары ЕҰУ студенттері мен оқушыларымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов пен Юрий Ли Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне барды. Бұл туралы ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында мәжілісмендер университет ректоры Ерлан Сыдықовпен кездесті, сондай-ақ ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының қызметімен және этносаясат саласындағы мамандардың білім беру бағдарламаларымен танысып, ЖОО студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді.
Сауытбек Абдрахманов өз сөзінде ҚХА депутаттық тобында 30 адам жұмыс істейтінін атап өтті. Бұл топ 2 айда бір рет кездесіп, өзекті мәселелерді талқылайды. Өткен жылы депутаттар үш заң жобасының бастамашысы болды, екі жұмыс тобын басқарды, 66 түзету енгізді, 23 депутаттық сауал берді.
Депутат сондай-ақ оның әріптестері депутаттық сауалдарда еліміздің білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігі, қаржы пирамидаларының заңсыз қызметінің жолын кесу, үлкен қалалардағы түтін проблемалары мәселелерін көтергенін атап өтті.
Өз кезегінде мәжілісмен Юрий Ли интернет-алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасын іске асыру барысы туралы айтып берді.
Ол сондай-ақ "Стоп-коллектор" жобасы туралы, оның міндеттеріне коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекеттері кезінде қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау кіретінін жеткізді.
Кездесу барысында депутаттар тыңдаушылардың қойған бірқатар сұрақтарына жауап берді.