Мәжіліс депутаттары елорданың қоқыс өңдеу кешенінде болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елдос Абақанов пен Бауыржан Сартбаев елорданың қоқыс өңдеу кешеніне барды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Депутаттар кәсіпорынның жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелесті.

Қазіргі уақытта ұйым техниканы жаңғырту және қайта өңделетін қоқыс көлемін ұлғайту мәселесін көтеруде.

Кешен өз жұмысын 2008 жылы бастаған, ал 2011 жылдан бастап тұрақты деңгейге шықты. Кәсіпорын іске қосылғаннан бері 10 жылдан астам уақыт өтті. Басшылық бастапқыда жоспарланған қуат таусылғанын жеткізді. Егер зауыттың қуаты жылына 250 мың тонна болса, қазір кешен 310 мың тонна қабылдайды. Сондықтан кешен қазір қалаға толық қызмет көрсете алмайды, ал Нұр-Сұлтан халқы жыл сайын 7%-ға өсіп келеді, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов.

Қайта өңдеу желісін жаңғырту арқылы өнімділік жылына 450-570 мың тоннаға жетеді. Сондай-ақ сұрыптау тиімділігінің деңгейі 80%-дан 95%-ға дейін артады.

Мәжіліс депутаттары кешен қызметкерлерінің жағдайын көбірек сұрады. Қызметкерлер жұмыс орнында жағдай толық жасалғанын, сондай-ақ күнделікті үйіне жеткізіп салу қызметі бар екенін атап өтті.

Мамандар бір ғана қиындықты атап өтті – қоқыс өңдеу кешенінің жанында аялдамалардың болмауы. Елорда әкімдігі бұл мәселені назарына алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы