Мәжіліс депутаттары «Астана-Тазалықтың» ұжымымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Павел Казанцев, Нұрбек Саясат, Лариса Павловец және Динара Закиева өндірістің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Референдум жайлы түсініктеме беріп, жұмысшылардың мұң-мұқтажын және лебізін тыңдады. Жиында рефендумға қатысты тың ойлар айтылып, депутаттар «Жаңа Қазақстанды» бірге құруға шақырды.

Мәжіліс депутаты Динара Закиева көп балалы ананың әлеуметтік жағдайына байланысты сұрағына толыққанды жауап беріп, алдағы уақытта мәселенің шешілуін өз бақылауында болатынын мәлімдеді.

Депутаттар жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып,  шарттарын түсіндірді. Кездесуде қатысушылардың сұрағына нақты жауаптар берілді. Әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды:

- Суперпрезиденттік басқару формасынан түпкілікті бас тарту;  
- Президент туыстары квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік қызметте басшылыққа тағайындалмайды;
- Жер және жер қойнауы – халықтың меншігі;
- «Өлім жазасына» тыйым салу;
- Президент және судьялар, сайлау комиссиясының өкілдері, әскери және Ұлттық қауіпсіздік қызметшілері ешқандай партияның, қоғамдық бірлестіктердің мүшелігінде болмауы тиіс.

Сонымен қатар шарада депутаттармен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумды қолдауға қатысты салмақты дәлелдер мен шынайы себептер айтылды.

Ұйым қызметкерлерінің жылы шырайы мен ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде белсенділік танытуы қызметкерлердің азаматтық ұстанымының дұрыстығын дәлелдейді.

Шара соңында арнайы қағазға ұсыныстар мен талап-тілектер жазылды.

Мәселенің басым бөлігі баспана, зейнет жасын азайту және жалақы мөлшерінің аздығы болды.

Кездесу соңында ұйым қызметкерлері депутаттарға өз ықылыстарын білдіріп, жалпыұлттық рефендум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы