Мәжіліс бюджетке енгізілген түзетулерді қабылдады

Мәжіліс "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасы республикалық бюджет параметрлерінің өзгеруіне байланысты әзірленді. Қазақстан Республикасының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына бюджет және Ұлттық қордың 2024 жылға арналған параметрлерінің болжамын нақтылау мақсатымен өзгерістер енгізілді.

Трансферттер түспестен 2024 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы 14,1 трлн теңге сомасында айқындалды, бұл бекітілген болжамды жоспардан 2 трлн теңгеге аз. Атап айтқанда, салық түсімдерінің 3 триллион теңгеге төмендеуі, салықтық емес түсімдердің 1 триллион теңгеге, ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің 3,3 миллиард теңгеге артуы болжанып отыр.

Нәтижесінде Ұлттық қордан түсетін нысаналы трансферт 2 трлн теңгеге ұлғайып, 3,6 трлн теңге алу жоспарлануда. Қаражат өңірлік өсу деңгейін ұстап тұруға және ЖІӨ өсу қарқынының төмендеу тәуекелдері жағдайында әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжіліс
Өзгелердің жаңалығы