8 Қараша 2023 2023, 10:12
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі
Мәжіліс бірқатар заң жобасын жұмысқа алды
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олар мынадай заңдар:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы;
- «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы;
- «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы.