Мәжіліс Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді қабылдады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Әзербайжанмен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды.
Келісімге сәйкес тараптар көші-қон, бір тарап мемлекетінің екінші тарап мемлекетінің аумағындағы азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде өз мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады, - делінген құжаттың қорытындысында.
Келісім мемлекеттердің көші-қон заңнамасы туралы ақпарат алмасу, соның ішінде көші-қон процестерін реттеу, қос азаматтық фактілерін тоқтату және заңсыз көші-қонға қарсы күресті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоғыз шетелдік азамат елден шығарылды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы