Мәжіліс адам саудасына қатысты заңдарды жұмысқа алды

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар адам саудасына қатысты 3 заңды жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева заң жобаларының негізгі мақсатын түсіндірді.

Олар мына заңдар:

1) «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы.

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.

3) «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.

Депутаттар осы мәселелерге қатысты тиісті қаулыны қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы