Бүгiн 2026, 18:46 Фото: Ақорда

Мажарстанның үкімет басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

Мажарстан премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан.

Премьер-министр Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес санайтынын атап өтіп, түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растаған.