Мажарстан біздің сенімді стратегиялық серіктесіміз – Мұхтар Тілеуберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі М.Варгамен өткізген келіссөздерінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.
Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варганың Қазақстанға кеше басталған сапары, бүгін жемісті жалғасуда.
Бүгін біз мемлекетаралық өзара іс-қимылдың тұрақты жұмыс істейтін институты болып табылатын Қазақстан – Мажарстан Стратегиялық кеңесінің бесінші отырысын өткіздік. Мажарстан Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі біздің бірден-бір сенімді стратегиялық әріптесіміз, достас әрі тарихы тамырлас мемлекет, -деді Мұхтар Тілеуберді.
Оның сөзінше, бүгінгі таңда екі мемлекет арасында шешімін таппаған ешқандай мәселе жоқ.
Елдеріміз арасындағы саяси диалог жоғары деңгейде. Қазақстан мен Мажарстан бір-бірінің халықаралық аренадағы бастамалары мен күш-жігерін қолдап келеді. Бұл өз кезегінде екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қолайлы жағдай тудырады. Варга мырзамен Қазақстан мен Мажарстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың бүгінгі ахуалы мен одан әрі дамуының перспективалары талқыланды, - деп атап өтті Сыртқы істер министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ел бюджетіне негізгі түсім жер қойнауын пайдаланушылардан түседі
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы