Майқайыңдағы құтқару жұмыстары қайта жалғасты

Кеніш түбінде автобус жатуы ықтимал жерді қазу жұмыстары қайта жалғасын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандар ойықты зерттеп болды. Қазір экскаватор ойық түбіне қайта түсіріліп, кен жыныстарын қайта экскавациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр»\, - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылардың сөзінше, ойық түбіндегі терең шұңқыр үлкен тастар мен кен жыныстарының бір орында үймеленіп қалуынан пайда болған.

Айта кетейік, 3 метрдей шұңқыр пайда болғаннан кейін құтқару жұмыстары тоқтатылғаны туралы жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы