Майқайыңдағы құбыр желісіндегі ақаулар жойылды
Павлодар облысы Майқайың кентінде мамандар су құбырының әрбір учаскесінде кезең-кезеңімен құбырдың қатып қалуы мен ауаның болуын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жөндеу жұмыстарына 240-тан астам адам және 70 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылған.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше,
Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізілді. Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақ көмір және ағаш шпалдарды жағу арқылы жылытылған, – делінген хабарламада.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 13,4 шақырым құбыр (жер асты және жер үсті құбырлары) жылытылды.
Барлық анықталған ақаулар жойылды, желіні толтыру жұмыстары жүргізілді. Мамандар гидравликалық режимді реттеген соң, Майқайың кентіне сумен жабдықтаудың жұмыс қысымы артады және штаттық режимде қамтамасыз етіледі, – деп мәлімдеді облыс әкімі.
Еске сала кетейік, 29 ақпан күні қатып қалған құбырлар толығымен жылытылған болатын.