Майқайыңдағы апат. Жаңа бөлшектер табылды
Павлодар облысында адамдар мінген автобус жерге құлаған «Майкайнзолото» АҚ тау-кен телімі ауданындағы опырылған жерден құтқарушылар жаңа бөлшектерді табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Майқайың Алтын» АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және де құтқарушының «XFERRA» қол радиостанциясы табылып, жер бетіне көтерілді, - деп жазды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Еске салсақ, 4 қаңтарда шақыртуға шыққан құтқарушылардың автобусы алтын кенішінің шахтасына опырылып түсіп, апатқа ұшырағаны белгілі болды. Оқиға орнында екі қызметкердің денесі табылды. Тағы екеуінің денесі әлі іздестіріліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы