Майқайыңдағы апат. Құм астына кеткендерді іздестіру жұмыстары қайта жалғасты
Майқайыңда қызметкерлермен бірге шахтаға түсіп кеткен автобусты іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл шараға енді кен байыту комбинаты жауапты. Кәсіпорынның бас директоры Қуаныш Ботиннің айтуынша, ондаған техника мен 20-ға тарта адам бөлінген.
Қазір жоғарыдан шыңыраудың түбіне апаратын жолды кеңейту жұмыстары жүріп жатыр.
Еске салсақ, 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасына қарасты шахта аумағындағы көлік жолы опырылып кетіп, 4 адам отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Бір айға жуықтаған іздестіру-құтқару жұмыстары 5 ақпанда тоқтатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақпанның екінші аптасында ауа райы қалай құбылады
Өзгелердің жаңалығы