Майқайыңдағы апат: Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Техниканың шұңқырдың түбіне өтуі үшін жолды кеңейту бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Барлығы 150 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылғаны белгілі болды.
Бүгін 13 қаңтарда облыстық ТЖД құтқарушылары топырақ пен тау жыныстарының автобустың орналасқан жеріне түсу ықтималдығын анықтау үшін шұңқырдың түбіне түсті. Топырақтың түсу қаупі әлі де сақталып отыр, -делінген әкімдіктің ақпаратында.
Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қоғамдық көліктерге «дабыл түймесін» орнату ұсынылды
Өзгелердің жаңалығы