«Майқайыңалтында» жедел штаб отырысы өтті

Павлодар облысындағы жер опырылған орында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін кешкісін жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Өңір әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желіде бейне жазбадан үзінді жариялады. Бейне жазбада сарапшылар мұнан арғы жұмыс барысы және болуы ықтимал тәуекелдер жайын талқылаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер опырылған учаскедегі жұмыстар 4 қаңтардан бері жүргізіліп жатыр. Бірақ, жұмысты қарқынды жүргізуге болмайды. Өйткені, бұл іздеу жұмыстарына жұмылдарылған мамандардың өміріне қауіпті. Топырақ шөге түсуде. Жұмысты жалғастыру үшін қорғаныс жиектерін жасау қажет.

Бұл қауіпсіз жұмыс істеу үшін жасау қажет. Топырақтың сырғуы мұнан ары да төмендей береді. Шұңқырдың төмен жағы әлі де ойыла түсуі мүмкін, - деді видеода сарапшылардың бірі.

Бүгін жедел штабқа 50 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі кенші Иван Терешков қосылды. Ол еңбек жолының 42 жылын «Майқайыңалтын» АҚ шахтасында өткізген.

Геосканерлеу көмегімен автобустың болжамды құлаған жері анықталды. Оның құлаған жерінің тереңдігі қазандық түбінің жоғары ернеуінен шамамен 5 метрді құрайды. Арнаулы техникалар өтуі үшін ендеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар мамандар топырақты қайтадан сканерледі. Оның нәтижесіне орай іздеу жұмыстары түзетілетін болады, - деді облыс әкімі Асайын Байханов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Павлодар облыстық ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы