Майқайыңалтын фабрикасы жұмысын тоқтатады

"Майқайыңалтын" АҚ фабрика жұмысын уақытша тоқтатуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Облыстың еңбек басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыровтың хабарлауынша, қазіргі уақытта акционерлік қоғамда 933 адам жұмыс істейді. 

Оның ішінде 143 адам кезекті еңбек демалысына шыққан. Тағы 153 адам 50% төлеммен жұмыстарын тоқтатып отыр. Бұл - шахтаның 109 қызметкері және тау-кен техникасы учаскесінде жұмыс істейтін 44 адам. Биыл 22-23 ақпанында жоспар бойынша фабрика жұмысы тоқтатылады. Жұмыскерлер жалақының 50%-ын алады. Осы аптаның соңына қарай жұмыс беруші тиісті ақпаратты жолдайды. Яғни, қанша адам жұмысын тоқтатыныны туралы мәліметтер түседі. Жұмыскерлердің еңбек етуі мүлдем тоқтатылмайды. Жұмыстар сәуірде жалғасады. Фабрика жұмысының тоқтатылуына шикізаттың таусылуы себеп, - дейді Абылай Сабыров. 

Бұған дейін фабрикаға арналған шикізат, яғни шахта қоры болған. Таусылған соң өндіріс жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. 

Еске сала кетсек биыл төртінші қаңтарда Майқайыңалтын кәсіпорнының аумағында ішінде төрт адам болған автобус жер астына түсіп кетті. Топырақ астындағы бос орын он жыл бұрын пайда болған деген ақпарат бар. Іздестіру барысында екі адам табылды, ал автобус әлі күнге дейін табылған жоқ. Қылмыстық іс қозғалып, оның барысында кәсіпорын жұмыскерлері мен кәсіпорын басшылығынан жауап алынды. Жан-жақты тексеріс барысында комиссия қайғылы оқиғаға жұмыс өндірісінің тиісті деңгейде атқарылмауы, тау қазу кезіндегі қауіпсіздік жұмыстарының атқарылмауы мен бақылаудың тиісті деңгейде болмауы себеп деген қорытындыға келді. Тергеу барысында жеті лауазымды тұлға анықталып, іс материалдары ішкі істер органдарына жолданды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/asaiyn.baikhan
Өзгелердің жаңалығы