ШҚО-да ер адам түрмеге майонез құтысына жасырылған телефон алып кірмек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да сотталған азаматқа ұялы телефонды майонез құтысына тығып, беріп жібермек болған, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
Ер адам мекеме аумағында қолдануы үшін М. есімді сотталғанға ұялы телефон алып кірмек болған.
Оның әкелген заттарын рентген құрылғысы арқылы сканерлеген кезде киім-кешек пен азық-түлік арасынан майонез құтысына жасырылған телефон мен симкарта табылған. Мекеме қызметкерлері телефон мен симкартаны тәркіледі. Аталған дерек бойынша М. есімді азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған алдын ала мекеме ішіне тыйым салынған заттарды кіргізуге болмайтыны туралы ескерту жасалған, - делінген ведомство хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шикі күйінде тұтынуға қауіпті өнімдер тізімі анықталды
Өзгелердің жаңалығы