Майнингке салық көлемі қалай көбейтіледі? Министр түсіндіріп берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров майнингке салық көлемі қалай ұлғайтылатынын түсіндіріп берді.

Ол майнингке салықты бірнеше есе ұлғайту жөніндегі тапсырманы орындау бойынша министрлік тиісті тәсілдерді пысықтап жатқанын айтты.

Бүгінгі таңда шамамен 640 МВт электр қуатын ресми тіркелген майнингтік компаниялар тұтынады. Сонымен қатар «көлеңкелі» майнингті тұтыну ресми тіркеуді талап етеді. Бұл ретте майнингтік компаниялар электр энергиясын тікелей энергия өндіруші ұйымдардан немесе реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан тұтынады. Мұның басты себебі - тарифтің тартымдылығы, - деп айтты Ұлттық экономика министрі.

Қуантыровтың айтуынша, осыған байланысты министрлік тұтынушылардың басқа топтарына қарағанда, олар үшін неғұрлым жоғары тарифтер белгілеу мақсатында энергия өндіруші ұйымдар тұтынушыларының жеке тобын бөлу мәселесін қарауды ұсынады.

Тұтынылған электр энергиясының тарифін 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңгеден 10 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр.

Ведомство басшысы министрлік Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау бойынша тәсілдер әзірлегенін айтты.

Осыған дейін министр халықтың әл-ауқатын жақсартуға кедергі келтіретін негізгі себептер туралы айтты. 

Сондай-ақ ол елімізде коммуналдық төлемдерді төлеу кезінде жеке топқа бөлу практикасы енгізілетінін де айтты.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы