Майнинг «КЕGОС» АҚ электр желілерінде жасырылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қарашасында Нұр-Сұлтанда Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері ЖШС-ның біріне тиесілі майнинг фермасының заңсыз қосылғанын анықтады.

Электр энергиясын қосудың бұл фактісіне «KEGOC» АҚ-ның «Ақмола ЖЭТ» филиалы жол берген. Майнинг тарапынан электр қуатына қосылу және тұтыну кернеуі 500 килоВольт жоғары вольтты кіші станциядан жүргізілді. Майнингтік фирма қызметін цифрлық даму саласындағы уәкілетті органды өз қызметі туралы хабардар етпей жүзеге асырған. 

Комитет «КЕGОС»АҚ-ға қатысты бақылау іс-шараларын жүргізуде. 

«Сұр» майнинг фермаларын электр желілеріне қосуға жол берілмейтініне және заңнамаға сәйкес әрбір факті бойынша ден қою шаралары қабылданатынына және электр энергиясы қуатының нарығы шеңберінде тиісті өндіріп алулар қолданылатынына назар аударамыз. 

  Энергетика министрлігі мемлекеттік органдармен және энергетикалық кәсіпорындармен бірлесіп, заңнаманы бұзатын «сұр» майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы