Маймылды елімізге кіргізуге тыйым салуы мүмкін бе? - ДСМ жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда әлемде маймыл шешегі ауруына қарсы вакцина жоқ. ДДСҰ бұл инфекцияға қарсы екпе салуға кеңес беріп отырған жоқ.
Бұл туралы Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.
Ведомство басшысы маймыл шешегі ауруын алдын алу үшін не істеп жатқанын айтты.
Біріншіден, сырттан індет келсе инфекциялық станционарларда орындар дайын. Екіншіден, осы ауруға ұқсас инфекцияға диагностика түрінде сараптама жасаймыз. Қазір сараптамалар әзір тұр. Егер азаматтарда қандай да ұқсас жағдай тіркелетін болса маймыл шешегі ауруына тексерілетін болады, - деді Ажар Ғиният.
Денсаулық министрінің дерегінше, бүгінге аталған індет әлемнің 24 елінде тіркелген. Олардың көбі Батыс Еуропа мемлекеттерінде анықталған.
ДДСҰ-ның егер індет тіркелген жағдайда оны оқшаулау керегін және оның симптомдарынмен күресу керек екенін айтады. Бүгінгі таңда елімізде бұл ауру тіркелген жоқ. Біз республика шекарасынан өткен әрбір адамды тексерудеміз. Егер келген азаматтарда температура анықталған жағдайда инфекциялық станционарларға оқшаулатын болады. Қазіргі таңда әлемде маймыл шешек ауруына қарсы вакцина жоқ. ДДСҰ бұл инфекцияға қарсы вакцина салуға кеңес беріп отырған жоқ, - деді министр.
Сондай-ақ Ажар Ғиният инфекцияның таралуына байланысты еліміздің зообақтарына маймыл әкелуге шектеу қойылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
Маймылдарды кіргізбеу жөнінде тиісті министрліктерден сұрағандарыңыз жөн. Бүгінгі таңда бұл сұрақты біз әлі қарастырған жоқпыз, - деді ол кулуарда.
Еске сала кетсек, маймыл шешегі вирусын жұқтырған адамның қызуы көтеріліп, тұла бойы қалтырап, ауырады.