Маймыл шешегінің өршуіне байланысты Сан-Франциско мэрі төтенше жағдай жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Калифорнияда аурудың 800 дерегі анықталса, оның 261-і Сан-Францискода тіркелген.

Бұл туралы   «Хабар 24» хабарлайды. 

Шаһар мэрі вакцинаның жетіспеушілігіне назар аударды. Осы аптаның басында маймыл шешегіне қарсы вакциналау пункті жабылып қалған еді.

 Өйткені, бұған дейін сұратқан 35 мың дозаның тек 7 800-і ғана жеткізілді. Жуырда тағы 4 200 дозаны әкелу жоспарда бар. 

Айта кетейік, Сан-Францискода қоғамдық денсаулыққа қатысты төтенше жағдай 1980 жылдары жарияланған еді. Ол кезде ЖИТС, яғни жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромына шалдығу дерегі жиі тіркелетін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы