Маймыл шешегіне қарсы екпеге ЕО рұқсат берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық комиссия дат компаниясына маймыл шешегіне қарсы вакцинаны сатуға рұқсат берді.
Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, Bavarian компаниясының екпесі – АҚШ пен Канадада маймыл шешегінің алдын алу үшін рұқсат алған жалғыз вакцина. Ал Еуроодақта ол тек шешекті емдеу үшін ғана рұқсат етілген.
Рұқсат етілген вакцинаның болуы елдердің орын алған аурумен күресіне дайындығын айтарлықтай арттыруы мүмкін. Бірақ ол үшін инвестиция мен биологиялық дайындықты құрылымдық жоспарлау қажет, - деп атап өтті компания өкілі.
Бүгінгі таңда компания аталған екпені маймыл шешегінің қазіргі толқыны кезінде ЕО бірнеше елдеріне жеткізді. Ол Еуроодаққа мүше барлық мемлекеттерде, сондай-ақ Исландия, Исландии, Лихтенштейн мен Норвегияда да жарамды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғалымдар мұхитты ластанудан тазалайтын робот-балық ойлап тапты
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы