Маймыл шешегіне байланысты халықаралық деңгейде ТЖ жарияланды

Африкада маймыл шешегі вирусының тарауына байланысты Дүнежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Женевада өткен брифингте ұйымның бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді.

Айтуынша, бұрын инфекция тіркелмеген Бурунди, Кения, Руанда және Угандада ауруды 90 адам жұқтырған.

Ресми дерек бойынша, Конго Демократиялық Республикасында қазір осы вирусты 15 мыңнан астам адам жұқтырып, 524 адам қайтыс болды. Бұл - ұйымның осы жылдың басынан бергі деректері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы