Маймыл шешегі: Санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарға жүгінді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елде маймыл шешегіне күдікті жағдайлар тіркелгені-тіркелмегені туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маймыл шешегі және оның алдын алу

Маймыл шешегі (mprox) - Poxviridae туыстастығына жататын вирустық ауру

Негізгі клиникалық белгілері:
- маймыл шешегінің инкубациялық кезеңі 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін.
- аурудың қызба кезеңі 1-ден 3 күнге дейін созылады. Белгілері: қызба, бөртпе, тамақтың ауруы, бас ауруы, бұлшықеттің және арқаның ауруы, лимфа түйіндерінің ісінуі

Әлемдегі жағдай

Ағымдағы жылдың соңғы алты айында ай сайын тіркеліп отырған жағдайлардың саны 2022 жылғы тамызда тіркелген 30 721 жағдайдың әлемдік ең жоғарғы шегімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді.

Эндемиялық аймақтар: Африка, Америка және Европа

Қазақстандағы жағдай

Бүгінгі күні Қазақстанда маймыл шешегіне күдікті бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.

Осы инфекцияны ел аумағына әкелуге жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар қабылданды.

Эпидемиялық елдерге баратын туристерге инфекцияның таралуының алдын алу үшін бірнеше кеңес:

1. Ауырған адамдарға және инфекция жұқтырған жануарларға (вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін маймыл, егеуқұйрық) жақындамау;

2. Қорғаныш құралдарын пайдалану. Жануарлармен жұмыс істеу кезінде, әсіресе зертханалық жағдайда оларға күтім жасау кезінде қорғаныш киімдерін, қолғаптар мен маскаларды қолдану маңызды.

3. Гигиенаны сақтау. Қолды сабынмен үнемі жуу және дезинфекциялық құралдарды қолдану.

4. Бөртпе, дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы және шаршау сияқты белгілер пайда болған кезде медициналық көмекке, дәрігерге жүгіну маңызды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: -архив
Өзгелердің жаңалығы