Маймыл шешегі мутацияға ұшыраған жоқ – ДДСҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемнің біраз елінде тіркелген маймыл шешегі вирусы әзірге мутацияға ұшыраған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Айтуынша, ауру бірқалыпты жылдамдықпен тарап барады. Бүгінде індет Еуропаның бірқатар елінде, Канада мен Австралияда да анықталды. Тіркелген науқас саны 100-ден асты. Мамандар аурудың басты белгілері ретінде дене қызуы, бұлшықет, арқа мен бас ауруын атап өтті. Індет жұқтырған адам әлсіздік пен ісінуді сезеді. 

Кейін денеде бөртпелер пайда болуы мүмкін. Әлемде осы маймыл шешегінен көз жұмғандар да тіркелді. Мамандар халықты жеке гигиенаны сақтап, аурудың белгілеріне аса мән беріп отырған абзал дейді. 

Егер күдік тудырып отырған науқастарды да есептесек, бүгінде олардың саны 200-ден кем емес. Инфекция жақын қарым-қатынас жасағанда, яғни терімен жанасқанда жұғады. Сондықтан ковид індетінен айырмашылығы бар. Қазір денесінде бөртпе пайда болған адамдарға аса мән беріп отырмыз, - деді ДДСҰ маманы Мария Ван Керкхове. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы