Маймыл шешегі. ДДСҰ төтенше жағдай жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ бас хатшысы Тедрос Гебрейесус сенбі күні маймыл шешегінің жылдам тарауына байланысты төтенше жағдай жариялады.

Соңғы мәлімет бойынша, мамырдан бері әлемнің 70 елінде 16 мыңнан астам адамға ауру жұққан.

ДДСҰ-ның төтенше жағдай жариялауы үкіметтер қандай да бір шектеу шараларын енгізеді дегенді білдірмейді, алайда ол кейбір қадамдарға, мысалы вакцинацияға көбірек қаржы бөлуге итермелеуі мүмкін.

Мәселе жануарларға да, адамдарға да қатар жұғатын инфекциялық ауру жайлы болып отыр. Ол кәдімгі шешек ауруына ұқсас. Алайда оған қарағанда жеңілірек өтеді. Оны жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттері ауырады, денеде бөртпелер пайда болады. Әзірге оны емдейтін дәрі жоқ. Әдетте ол үш-төрт апта ішінде өтіп кетеді, алайда адам өлімі де тіркелген.

Гебрейесустың айтуынша, ДДСҰ комитетінің мүшелері аурудың жылдам тарауына байланысты ғаламдық деңгейде төтенше жағдай жариялау мәселесі бойынша ортақ қорытындыға келе алмаған. Сондықтан шешімді өзі қабылдаған. Аурудың тарау деңгейі әр аймақта әрқалай, өзге елдерімен салыстырғанда Еуропада жоғарырақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы