Майкрософт ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық есепті жариялады
Алматы, BAQ.KZ. Microsoft-тың Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі есебінің 24-шығарылымы жарияланды. Онда қауіпсіздік саласындағы жағдайға шолу, тәжірибе кезінде алынған сабақтар және ұсынылатын озық әдістемелер келтірілген.
Microsoft-тың киберқауіпсіздік және лицензиялық сәйкестік жөніндегі директоры Дмитрий Бересневтің айтуынша, цифрлік трансформациядағы басты беталыстардың күшеюі цифрлік активтердің құндылығын барынша көтеру үстінде, демек олардың киберқылмыскерлер үшін тартымдылығы да өсіп келеді.
«Киберқауіптерді алдын ала білу және оларға нақты уақыт ішінде тойтарыс беру қазіргі цифрлік замандағы кез келген бизнес және адам үшін аса маңызды қабілеттердің бірі. Өкінішке орай, біз Шығыс Еуропадағы миллиондаған қолданушылардың деректеріне нұқсан келтіріп отырған қарақшылық және ескірген бағдарламалық жабдықтаманың орасан зор көлемі әлі бар екендігін көріп отырмыз», - дейді ол.
Есепті дайындау үшін SIR командасы әртүрлі ақпарат көздерінен алынған бір жылдағы деректер көлемінен басты идеялар мен негізгі беталыстарды іріктеп алған. Сондай-ақ, олар күн сайын Microsoft бұлттық жүйесі арқылы өтетін қауіпсіздік жүйесіндегі 6,5 триллион хабарламаға талдау жасаған.
Сонымен қатар, есепте бопсалайтын бағдарламалардың шабуылы басылып келе жатқандығы да айтылады.
«2018 жылы байқалған бопсалаушы бағдарламалардың шабуыл жасау санының азаюы киберқауіпсіздік жөніндегі мамандар қауымының қимыл-әрекеті қаскүнемдердің өз әрекетін түзетуге мәжбүрлейтіндігін көрсеткен керемет айғаққа айналды. 2017 жылдағы деректерге сүйенсек зерттеушілер бопсалаушы бағдарламалардан үлкен қауіп төнген болатын. Қаскүнемдер бұл әдістен жасырын шабуылдарға көшті, өйткені қолданушылар бұл шабуылдарға сауатты түрде қарай бастады», - делінген хабарламада.