Майкл Рукер қазақтың қазысы мен фильмге түсуі жайлы
Астанада өтіп жатқан Comi Con фестивалінің хедлайнері Майкл Рукер қазақтың қазысы ұнайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Comi Con қонағы әйгілі актер Майкл Рукер БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.
Оған “Қазақтың қазысы ұнады ма?” деген сұрақ қойылды.
Иә, маған қазы ұнайды. Дәмін кеше ғана таттым. Оның сорпасын да көрдім, бірақ дәмін көріп үлгермедім, – деді актер.
Ол ұлттық тағамды өзіне “үлкен қазанмен” әкелуді сұрады.
Сондай-ақ БАҚ өкілі Рукерге “Қазақ фильмге түскіңіз келе ме?” деп сұрады.
Әлі қазақ киносымен таңсық емеспін. Әзірше нақты жауап бере алмаймын. Қазақстанда тәжірибем енді басталды. Қазіргі Астана жүрген әр сәтім ұнайды, – деді америкалық актер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көпбалалы отбасыларға 273 млрд теңге жәрдемақы берілді
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы