Мәйітхана қызметкері халықтан заңсыз 100 мың теңге алып келген

Атырауда мәйітхана қызметкерлері қайтыс болған адамды формалинмен өңдеу қызметі үшін 13 мың теңге орнына заңсыз 100 мың теңге алып келген,  деп хабарлайды BAQ.KZ  atyraupress сайтына сілтеме жасап.

Қазір аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде. Атырау Облыстық патологиялық-анатомиялық бюросының қызметкерлері тергеуде.

Адамдар «Атырау Облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы» КМҚК-ның есеп айырысу шотына емес, мәйітхана қоймашысының қызына тиесілі жеке шотына түсіп отырған.

Заң бұзушылықтар туралы анонимді хабарламалар құқық қорғаушыларға берілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тексерілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AtyrauPress
Өзгелердің жаңалығы