Майгельдинов “Ұлттық құрылтайдың” басты міндетін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасы Қазбек Майгельдинов айтты.
Меніңше, Ұлттық құрылтай ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің негізінде құрылатын болса, оның басты мақсаты - Мемлекет басшысы бастаған саяси реформаларды одан әрі жетілдіру. Өйткені бүгінгі таңда 5 саяси реформалар пакеті қабылданды. Оның басты мақсаты – еліміздегі демократияландыру процесінің үрдісін күшейту. Ол сайлауға байланысты, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруге қатысты өзгерістер. Біз мұнымен тоқтап қалмаумыз керек, – деді ол “Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтің жаңа моделі” атты Sarap эксперттік клубының отырысында.
Ол жаңа құрылым Ұлттық кеңестердің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастыратыны туралы Президенттің тезисін атап өтті.
Жаңа институттың рөлі мен міндеттері ерекше және Жаңа Қазақстанды құруда тарихи маңызға ие. «Ұлттық құрылтай» қоғамдық диалогтың бірыңғай моделін қалыптастырып, билік пен халық арасын байланыстырушы көпірге айналуы тиіс. «Ұлттық құрылтайдың» басты мақсаты – жалпыұлттық диалогтың шекарасын кеңейту, – деді ҚҚДИ басшысы.