Майамидегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлады

Алматы, BAQ.KZ. АҚШ-тағы қазақтар, оның ішінде Майами қаласындағы отандастарымыз Наурыз мейрамын атап өтті. Бұл туралы Zakon.kz порталы жазды. 

«Осымен бесінші жыл Майами, Флорида да Наурыз мейрамын атап өтудеміз. Жыл өткен сайын келушілер қатары арта түсуде, балалар да көп. Биылғы Наурызға әр қала мен штаттан 200-ге жуық отбасы келді»,- дейді шараны ұйымдастырушы Florida.kz қазақстандық қоғамның өкілі Дана Асқар.

Мереке ұлттық дәстүрлермен басталған. Яғни, кішкентай баланың тұсауы кесіліп, дастархан басында бата берілген. 

«Мұндай шараларды өткізу өте маңызды, өйткені ұлттық салт-дәстүрді, отбасылық құндылықты жас ұрпаққа жеткізе білу керек»,- дейді ұйымдастырушылардың бірі Ләйлә Ысқақова. 

Мерекелік шара барысында Trade Winds Park аумағында шағын ауыл жасақталған. Мерекеге келген қонақтарды ұлттық киімдегі қыздар қазақтың ән-күйімен қарсы алған. Сондай-ақ, ұлттық тағамдар әзірленіп, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылған. 

Сонымен қатар, келушілерге беташар, сырға салу сияқты дәстүрлі жоралғылар таныстырылып, «Майами дауысы» атты музыкалық айтыс ұсынылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы