15 Қараша 2026, 11:49 Фото: CBS News

Майами әуежайында екі ұшақ соқтығысты

UPS жүк ұшағы мен Copa Airlines жолаушылар ұшағы қозғалыс кезінде бір-біріне тиіп кеткен. Зардап шеккендер жоқ.

АҚШ-тың Майами халықаралық әуежайында екі ұшақ – америкалық UPS компаниясының Boeing 767 жүк ұшағы мен Copa Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы соқтығысты. Оқиға әуе кемелері арнайы жолақпен қозғалып бара жатқан кезде болған.

CBS News мәліметінше, ұшақтар екі қозғалыс жолағының қиылысында бір-біріне соғылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Әуежайдың коммуникациялар жөніндегі директоры Грег Чиннің айтуынша, бұл жағдай әуе айлағының жұмысына әсер етпеген.