Майқайыңда кірпіш зауыты ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Майқайыңалтын» АҚ жанынан кірпіш өндіретін кәсіпорын ашылады. Бұл туралы Павлодар облысындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына белгілі болды.
«Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қуаныш Ботиннің айтуынша, кәсіпорынды салуға 32 млн теңге жұмсалады.«Бүгінде кәсіпорын іске кірісуге дайын тұр. Қазіргі уақытта рұқсат құжаттары дайындалуда. Сертификаттаудан өтіп жатырмыз. Кірпіш өндіріс қалдықтарынан жасалады. Біздегі күл үйіндісін пайдаланып, цемент қоспақпыз. Кірпіш сұр түсті болады», - деді Қуаныш Ботин.
Кәсіпорынның айына 30 мың кірпіш өндіруге қуатты жетеді. Бір кірпіштің құны шамамен 179 теңгені құрайды.
«Кірпішті кәдімгі құрылыстарда, үй салуға пайдалануға болады. Аса ірі көлемде өндірмейтіндіктен, сату жағынан мәселе туындамауы тиіс. Қазірдің өзінде Майқайың кентінің тұрғындары кезекте тұр. Рұқсат қағаздары келгенде жұмыс бірден басталады. Оған қоса, Майқайың мен Екібастұзда жүріп жатқан құрылыс жұмыстары көп. Сондықтан кірпішімізге сұраныс бар», - деп түйіндеді кәсіпорын басшысы.
Айта кетейік, жыл бойы өнім шығаратын кірпіш кәсіпорынында 12 жаңа жұмыс орыны ашылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы