Маxатма Гандидің 150 жылдығына орай пошталық марка шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазпошта Маxатма Гандидің 150 жылдығына орай естелікке пошталық маркасын шығарды.
Номиналы 500 теңгелік пошталық марка кеше шығарылды.
Біртүсті маркада Маxатма Гандидің суреті бейнеленіп, оның "Әр көзден аққан жасты сүрткім келеді" деген атақты цитатасы жазылған.
Марканың басылымы төрт бояулы, офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – 10 маркадан тұратын маркалы парақ. Парақтық өлшемі 156 х 111 мм, әрбір марканың өлшемі 26 х 37 мм. Тиражы 10 мың дана. УФ – бояулы қорғанысы бар элементтер қолданған. Дизайнері І.Оңғарбай. Пошталық марка "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.
Осылайша Қазақстан Маxатма Гандидің туғанына 150 жыл толуына орай естелік пошталық маркалар шығарған 100 аса елдің қатарына енді. Маxатма Ганди 1869 жылы 2 қазанда дүниеге келген. Ол үнділік саяси және қоғам қайраткері, Үндістанды Ұлыбританиядан тәуелсіз ету үшін күрескен ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі. Оның зорлық-зомбылықсыз философиясы бейбіт өзгерістерді жақтаушылар қозғалысына әсер етті.
Тәуелсіздік үшін күресте Маxатма Ганди зорлық-зомбылықсыз тәсілді таңдады. Оның бастамасымен үндістер британдық тауарлар мен мекемелерге байкот жариялады.
Үндістан үкіметі 2018 жылы 2 қазанда Маxатма Гандидің 150 жылдығына орай бірнеше шара өткізуді жоспарлап, жүзеге асыруда. Мерейтой 2020 жылдың 2 қазанына дейін екі жыл бойы атап өтіледі.