28 Тамыз 2026, 17:12 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Бір апта ішінде Қазақстанда алма, қырыққабат және картоп бағасы төмендеді

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша, есепті апта ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағалардың төмендегені байқалды.

Қандай азық-түлік арзандады?

Апта ішінде пияздың бағасы 4,8%, ақ қауданды қырыққабаттың бағасы 4,6%, картоп 2,9%, сәбіз 2,4%, алманың бағасы 1,1%-ға төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды.

Өңірлерде баға қандай?

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қонаев қаласында 0,4%-ға, Атырау, Жезқазған және Көкшетау қалаларында 0,2%-ға, Алматы, Қызылорда, Орал және Өскемен қалаларында 0,1%-ға төмендеді. Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша орташа баға

Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 килограмына 179 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында – 1 килограмына 135 теңге деңгейінде тіркелді.

Ақ қауданды қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы 1 килограмына 176 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында – 132 теңге.

Республика бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 241 теңгені құрады. Ең қолжетімді бағалар Павлодар қаласында – 177 теңге, Қостанай қаласында – 194 теңге деңгейінде тіркелді.

Қызанақтың орташа республикалық бағасы 1 килограмына 546 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Тараз қаласында – 315 теңге деңгейінде қалыптасты.