Маусым айынының да карантиндік жоспарын жасап қойдық – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин шараларын жеңілдету жоспары туралы айтып берді.

Карантин режимін жеңілдету бойынша жоспар әзірленген. Онда маусым айы да қамтылатынын толық айта аламын. Бұдан басқа да үкіметтің жеңілдету, шектеу шаралары туралы бойынша тұтас жоспары бар. Жалпы, карантиндік шараларды жеңілдету бойынша іс-қимыл жоспарын жазып шықтық. Премьер-министр төрағалығымен 159 бөлімнен тұратын кешенді жоспарды әзірледік. Барлық шаралар экономикалық бөлімді қалпына келтіруге бағытталған. Бұл - күн тәртібінде тұрған өте маңызды мәселелер. Әсіресе жұмыс орындарын қалпына келтіру мәселесі өзекті, - дейді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, карантин шараларын жеңілдету аясында бүгіннен бастап аумағы 2 000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер, сұлулық салондары мен балаларды дамыту орталықтары ашылады. Саябақта қыдыруға болады.Бүгіннен бастап еліміздің тағы жеті қалаға әуе рейстері ашылады.

Ал КВИ жұқтырғандар үлесін 2 пайызға дейін азайтқанда ойын-сауық орталықтарын ашуға мүмкіндік беріледі. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы