Маусым айында медициналық қызметкерлердің жалақысы 30% артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл маусым айынан бастап денсаулық сақтау жүйесінде еңбек ететін барлық қызметкерінің, яғни 400 мыңға жуық адамның жалақысы 30%-ға өседі, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Денсаулық сақтау саласында еңбек ететін келесі қызметкерлерінің еңбекақысы 1 маусымнан бастап көтеріледі: негізгі персонал – дәрігер, провизор, психолог, фельдшер, акушер, медбике, фармацевт, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да мамандар; көмекші қызметкерлер – іс жүргізуші, оператор, хатшы; техникалық персонал – санитарлар, көлік жүргізуші, аула тазалаушы, қарауыл; әкімшілік қызметкерлер – есепші, программист, кадр бойынша инспекторлар; басқарушы персонал – басшылар және олардың орынбасарлары, бас есепші", - делінген ведомствоның хабарламасында.   

Қызметкерлердің жалақысы «Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеме, қазыналық кәсіпорын жұмысшыларына, азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің № 1193 қаулысы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, денсаулық сақтау жүйесіндегі SENIM салалық кәсіпорны және ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы келісім негізінде көтеріледі. 

Медициналық қызметкерлердің жалақысы мынадай тәртіппен өсетін болады:
 

Категориялар тізімі Жалақы, теңге өсім
қазіргі қосылғаны теңге %
категориясыз 94 095 122 323 28 228 30%
екінші 106 164 138 014 31 849 30%
бірінші 111 031 144 340 33 309 30%
жоғары 122 516 159 271 36 755 30%

Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбекақысы олардың лауазымына, жұмыс өтілі мен квалификациялық категориясына қарай өседі.   

Айта кетейік, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақасы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 30%-ға дейін артуы тиіс болатын. Кейіннен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жалақының көтерілу мерзімі 2019 жылдың 1 маусымына ауыстырылды.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы