Маусым айында Астана мен Сеул арасындағы әуе қатынасы қалпына келеді
Air Astana 15 маусымнан бастап Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тасымалдаушы аптасына екі рет: сәрсенбі және сенбі күндері рейстер орындайтын болады. Бағытта 166 жолаушыға арналған Airbus-A321LR ұшағы қатынайды.
Әуе компаниясының сайтында айтылғандай, рейс алты жарым сағатқа созылады. Әуе билетінің құны бір жаққа шамамен 210 мың теңгені құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ағаштарды биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде
Келесі жаңалық
Ақтаудың көшелеріне 19 мың шаршы метр асфальт төселді
Өзгелердің жаңалығы