Коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік деңгейі 5 есе артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Ал аурушаңдық 2 есеге артқан.
Оның айтуынша, күн сайын өңірлерде төсек-орын қорына мониторинг жүргізіліп отырады. 23 шілдедегі жағдай бойынша республикадағы инфекциялық төсек-орынның қамтылуы 49%, реанимациялық төсек 38%-ға тең көрінеді.
Аурушаңдықтың артуы мен денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктеменің көбеюіне байланысты шілдеде қосымша 10 мың төсек-орын іске қосылды. Резервте 21,4 мың төсек бар, - деді Цой.
Сонымен қатар бүгінде еліміз қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар көлемімен қамтамасыз етілген. Ауруханаларда КВИ емдеудің айлық қоры бар. Ал «СК-Фармация»-ның қоймалары мен дәріханалардың екі айға жететін қоры сақталыпты. Барлық өңірлерде 18 млрд теңгеге дәрілік заттардың тұрақтандырылған қоры құрылған.
Естеріңізге сала кетейік, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес 26 маусымнан бері Қазақстан Республикасы «қызыл» аймақта. Сондай-ақ «қызыл» аймақта 15 өңір тұр. Ал Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстары – «сары» аймақта.