Мәулен Әшімбаев ҚР президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мәулен Әшімбаев ҚР президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Саясат ғылымдарының кандидаты.

 «Құрмет» ордені  мен «Парасат» ордені иегері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы