Мәулен Әшімбаев: Теңге тағы құнсызданбас үшін не істейсіздер?
Бұл сұраққа Сенат отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз, Үкімет тарапынан ең басты мақсатымыз – келесі жылға бірқатар ірі жобаны оның ішінде инфрақұрылымдық, өндіруші, өнеркәсіп жалпы 17 жобаны іске асыруды бастап кеттік. Ұлттық инфрақұрылымдық жобаны қабылдадық. Жақында коммуналдық жүйені жаңғырту бағдарламасы қабылданады. Оның сыртында биыл көп шетелдік қаржы ұйымдарымен нақты келісімдерге отырдық,-деді ол.
Оның айтуынша, келесі жылы елімізге келетін шетел валютасында инвестиция тарту көлемі күрт көбейеді.
Нәтижесінде бұл валютаның бәрі (доллар) ішкі нарық арқылы өтеді. Сол арқылы жаңа жобаларды қаржыландыратын боламыз. Сіздер білесіздер, қазір бюджеттің даму бюджеті дейміз ол бар болғаны 2 трлн теңге. Оның үштен бір бөлігін ауыл шаруашылығына жіберейін деп отырмыз. Біздің басты сүйенетініміз ол шетелден келетін валюталық инвестиция. Сол арқылы біз өз тарапымыздан осы жұмысты тиісті деңгейде жүргізіп, шетелдік инвестиция біздің ішкі валюта нарығы арқылы өтеді. Осылайша, біз нарықтағы валюта көлемін ұсыныс көлемін көбейтуге ат салымыз. Біздің басты мақсатымыз осы,- деді ол.